"Қайраттың" 17 жастағы шабуылшысы Дастан Сатпаев биылғы маусымда 11-ші голын соғып, Англиядағы футбол сарапшыларының назарын аударды.
Ағылшын футбол жанкүйерлері мен сарапшылары жас Қазақстандықтың ойынына жоғары баға беруде. Белгілі Х-блогер Blue Footy Сатпаевтың Лиссабонда өткен Чемпиондар лигасындағы "Спортингке" қарсы ойынын ерекше атап өтті.
"Қайрат" сол ойында 1:4 есебімен жеңілгеніне қарамастан, Дастанның өнері шетелдік мамандарды таңғалдырды.
Blue Footy өз жазбасында былай деп жазды:
"Сатпаевтың соққылары 30 жастағы шабуылшылардан кем емес, тіпті кейбірінен де күштірек. 17 жастағы бала үшін бұл жай ғана ғажап."