38 миллион халықтың үмітін арқалап жүрген 21 жасар Өзбекстандықтың 45-ші нөмірді таңдауының сыры неде? – Аз сөйлеп, көп іс тындыратын Хусанов

Бүгін, 13:30

Өзбек футболының жарық жұлдызы, бүгінде Ағылшынның алпауыт клубы "Манчестер Ситидің" қорғаушысы Абдукодир Хусанов Setanta Sports Uzbekistan басылымына эксклюзивті сұхбат берді, деп хабарлайды Aladop.kz.

38 миллион халықтың үмітін арқалап жүрген 21 жасар Өзбекстандықтың 45-ші нөмірді таңдауының сыры неде? – Аз сөйлеп, көп іс тындыратын Хусанов

Мансабындағы күрт бетбұрыстар мен "Этихадтағы" өмірі туралы айтқан футболшы өзінің қарапайымдылығымен және кәсібилігімен тәнті етті.

Хусанов Ағылшын Премьер лигасындағы қатаң режим мен тығыз кестеге қарамастан, сабырлылығын жоғалтпаған. Ол күн сайынғы жаттығулар мен тұрақты ойын кестесін бұл — біздің жұмысымыз деп қабылдайды. Оған Ұлыбританиядағы жаңа өмірге бейімделуге туған-туыстарының қолдауы үлкен күш беретінін жасырмады.

"Жеңісті менің жетістігім” емес, біздің ортақ жеңісіміз деп білемін. Әлем чемпионатына жолдама алғанда, ең бірінші ойыма келгені — 38 миллион Өзбек халқының бақыты болды.” — дейді қорғаушы.

Жанкүйерлерді қызықтырған сұрақтардың бірі — оның таңдаған нөмірі. Көпшілік мұны Марио Балотеллиге еліктеу деп түсінгенімен, шын мәнінде бәрі қарапайым:

Хусанов өзінің кәсіби жолын Беларусь чемпионатында дәл осы 45-нөмірмен бастаған.

Бұл сан ол үшін сәттілік нышанына айналған, сондықтан "Сити” сапында да дәстүрді бұзбауды жөн көрген.

Абдукодир өзін тек орталық қорғаушы ретінде жайлы сезінетінін айтты. Ал оның футболдағы идеалы — аты аңызға айналған Фабио Каннаваро. Хусанов Италиялық шебердің позиция таңдау қабілеті мен жеңімпаз менталитетін жоғары бағалайды.

Оның есінде ең керемет сақталған матч — "Ланс" сапында жүргенде "ПСЖ"-ға қарсы өткізген ойыны. Ал жақында "Ливерпульмен” болған кездесудегі жарақат алу қаупі туралы: “Аллаға шүкір, бәрі артта қалды, қазір жағдайым жақсы.” — деп жанкүйерлерін тыныштандырды.

"Бунёдкордан" шыққан Хусанов "Энергетик-БГУ” (Беларусь) сапында Еуропа футболына деген алғашқы қадамын жасаған еді. Кейін "Ланста" (Франция) өзін көрсетіп, 2025 жылдың 20 қаңтарында шамамен 40 миллион еуроға "Манчестер Ситиге” ауысқан болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×