4 жылын Алматыда өткізген “Қырғыз Мессиі” Беларусь сахнасына оралды – Мансабын қайта түлету ме, әлде тоқырау ма?

21.01.2026, 19:20

"Қайраттың" бұрынғы жұлдызы, Қырғыз футболшысы Гүлжігіт Әліқұлов мансабындағы жаңа белесті Минскінің "Динамосында" бастамақ, деп хабарлайды Aladop.kz.

4 жылын Алматыда өткізген “Қырғыз Мессиі” Беларусь сахнасына оралды – Мансабын қайта түлету ме, әлде тоқырау ма?
Instagram: fcdinamominsk

Жартылай қорғаушы мансабын қайта жандандыру мақсатында Беларусь чемпионатына оралды.

Инсайдер Әділет Керімбековтің мәліметінше, футболшының жаңа клубтағы айлық жалақысы 12 мың долларды құрамақ.

Сарапшылар не дейді?

Ресейлік журналист Александр Троицкий бұл трансферге қатысты екіұдай пікір білдірді. Оның ойынша, Әліқұловтың Беларусь чемпионатында қайта келуі оның дамуын тежеуі мүмкін.

“Әліқұлов үшін бұл — мансабын екінші рет қайта жаңашалау әрекеті. "Қайраттан” кеткен соң, ол мұны сәтті жүзеге асырған болатын. Алайда, Беларусь лигасына қайта оралуды алға басу деп айту қиын, бұл көбіне тоқырауға ұқсайды. Бұған дейін ол тек "Неман” намысын қорғаса, енді "Динамоға” ауысты. Шамасы, "Неманның” қаржылық мүмкіндігі футболшының сұранысын қанағаттандыра алмаған сияқты.” — дейді Троицкий.

25 жасар Әліқұлов Алматының "Қайратында” төрт жыл бойы өнер көрсетіп, өзінің ерекше техникасымен және тосын дриблингтерімен есте қалды. Алаңдағы жылдамдығы мен шеберлігі оны ҚПЛ-дағы ең танымал легионерлердің біріне айналдырған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×