40 мың ғана халқы бар Лихтенштейн елінің ұлттық құрамасы жайлы не білеміз?

10.10.2025, 16:00

Бүгін, 10 қазанда Астанада 2026 жылғы футболдан Әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Қазақстан мен Лихтенштейн құрамалары кездеседі.

40 мың ғана халқы бар Лихтенштейн елінің ұлттық құрамасы жайлы не білеміз?

Лихтенштейн ұлттық құрамасы қазіргі таңда ФИФА рейтингінде 204-орында тұр. Бұл – Еуропадағы ең төмен көрсеткіштердің бірі. Олар рейтингте тек Сан-Марино мен Тынық мұхит аймағындағы кейбір құрамалардың ғана алдында тұр

Transfermarkt дерегіне сүйенсек, команданың жалпы нарықтық құны – бар болғаны 575 мың еуро. 23 ойыншының ішінен тек алтауында ғана трансферлік құны бар, яғни олар кәсіби деңгейде ойнайды.

Команданы неміс маманы Конрад Фюнфштюк жаттықтырады. Ол құраманың құрылымын және ойыншыларының деңгейін ашық мойындап, команда негізінен жартылай кәсіби және әуесқой футболшылардан құралғанын айтқан.

Ең қымбат үш ойыншы:

  • Джастин Оспельт – 26 жастағы қақпашы, Германияның төртінші лигасында өнер көрсететін "Шпортфройнде” клубының ойыншысы. Құны – 150 мың еуро.
  • Саймон Люхингер – 22 жастағы орталық жартылай қорғаушы, Австрияның екінші лигасындағы "Шварц-Вайс Брегенц” клубында ойнайды. Құны – 150 мың еуро.
  • Деннис Саланович – 29 жастағы қанат шабуылшысы, Швейцарияның бесінші лигасындағы "Бальцерс” командасының ойыншысы. Құны – 100 мың еуро. Саланович Қазақстанда бұған дейін де ойнаған. 2011 жылы Лихтенштейннің 17 жасқа дейінгі құрамасы Алматыда Қазақстан жастарымен кездескен. Ол матчта біздің жасөспірімдер 8:0 есебімен жеңіске жеткен.

Матч жергілікті уақытпен 19:00-де басталады. Бұл – іріктеудің жетінші турындағы кездесу. Бұған дейінгі ойында Қазақстан құрамасы сырт алаңда Лихтенштейнді 2:0 есебімен жеңген болатын.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×