Бразилия құрамасының тәжірибелі ойыншысы Еуропаға қайта оралды.
Футболшы португалиялық ұжыммен қысқа мерзімді келісімге келді. Ол 2026 жылғы Әлем чемпионаты басталғанша, “Порту” сапында өнер көрсетеді. Жалпы Тиагудың Еуропаға қайтып оралуының басты себебі - мундиальға дайындықты пысықтаумен түсіндірілуде.
Бұған дейін Силва “Флуминенседен” кетіп, еркін агент статусына қол жеткізді. Команда капитаны өз отанында 212 матч өткізіп, 19 гол соқты. Клуб құрылымында болған кезінде ол 2007 жылғы Бразилия кубогын жеңген болатын.
Жаңа командасында 41 жастағы қорғаушы 3 нөмірмен өнер көрсететінін айта кетейік.