
Бауыржан Исламхан Бірікке Араб Әмірліктерінің біріншілігінде доп тебетін болды.
Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Бауыржан Исламхан «әл-Айн» футбол клубымен келісім-шартқа қол қойды. Медециналық тексерістен сәтті өткен Бауыржан Исламханды клуб ресми түрде жанкүйерлерге таныстырды. Бауыржан бұл командада 8-ші нөмермен өнер көрсететін болады. Келісім 5 айға жоспарланған. Осы 5 айдың ішінде қазақ футболшысы 1 миллион еуро көлемінде жалақы алады. Яғни, айына 80 миллион теңге.
Ермұхамед Мәулен.
Біздің серіктес: FONBET