"Селтик" төртінші жыл қатарынан Чемпиондар лигасының топтық кезең жолдамасы үшін таласта Қазақстандық клубпен кездеседі. Алғашқы матч Глазгода өтсе, қарымта ойын 4500 миль ұзақтағы Алматыда ойналады.
“Селтикке” Алматыдан гөрі Словакияға барып-қайту барлық жағынан да әлдеқайда оңай болар еді. Бірақ сейсенбі күні "Қайрат" "Слован Братиславаны” пенальти сериясында жеңіп, "Селтикпен” плей-оффтағы кездесуге жолдама алды.
Алғашқы матч келесі сәрсенбіде Глазгода өтеді, ал қарымта ойын алты күннен кейін Қытаймен шекаралас Дөрбілжін қақпасынан шамамен 360 шақырым жерде болады.
Лондоннан Алматыға ең жылдам ұшу уақыты 8 сағаттан асады. Демек, "Селтик” чартерлік ұшақ жалдағанда, ойыншылар мен бапкерлер құрамы жолдың өзінде-ақ кем дегенде төрт фильм қарап үлгереді. Бұл тек бір бағыттағы сапар.
Маусымдағы алғашқы "Айброкс” дербиінің алдындағы аптада "Селтик" Кабулдан да шығысқа қарай сапар шегіп кетуі керек.
Ұзақ жол екені анық, бірақ Брэндан Роджерс шәкірттері үшін Чемпиондар лигасындағы қомақты қаржы бәсі бұған тұрарлық.
2019 жылы Шотландия ұлттық құрамасы да Қазақстанға келген. Алайда бұл сапар сәтсіз аяқталып, Алекс Маклиштің командасы 3:0 есебімен ұтылған.
Шотландия футбол қауымдастығы өкілдері ол сапардың логистикасын қарапайым етіп сипаттауда: "Ұзақ қашықтыққа ұшатын Airbus немесе Boeing-ке мініп барасыз да, қайта ораласыз."
Роджерс пен "Селтиктің" штаб мүшелері Қазақстанға сапар жоспарын әлдеқашан дайындап қойыпты.
Себебі бұл сапар маусым тағдырын айқындайтын маңызды кезең болмақ. Олар Алматыға барып-қайтуды мүмкіндігінше тез әрі қауіпсіз етіп ұйымдастырып, ойыншыларға дайындалу мен қалпына келу үшін ең жақсы жағдайды қамтамасыз етуіді көздеп отыр.
"Селтик" келген кезде Алматыда ауа температурасы шамамен +30°C болады, ойын уақытына қарай +25°C-қа дейін төмендейді.
Олар Алматыға алғаш рет келеді, бірақ соңғы он жылда Қазақстанға үш мәрте сапар жасаған.