6 миллион? «Ақтөбе» басшылығы «Қайратты» ұтқан жағдайда керемет сыйақы дайындап отыр

Бүгін, 17:45

«Ақтөбе» басшылығы ҚПЛ-2026 2-турында «Қайратқа» қарсы мықты дайындық жүргізуде дешен ақпарат бар.

6 миллион? «Ақтөбе» басшылығы «Қайратты» ұтқан жағдайда керемет сыйақы дайындап отыр
"Ақтөбе" ФК футболшылары

Жағдайға жақын дереккөздің мәліметінше, клуб басшылығы футболшыларды ынталандыру мақсатында біршама бонус қарастыруда. Нақты айтқанда, «ақ-қызылдар» сапында доп тепкен футболшыларға шамамен 3.500 еуро (6 млн теңге) көлемінде сыйақы берілуі мүмкін.  Осыған дейін «Ақтөбе» мұндай практиканы іске асырған: 1-турда «Тобылды» ұтқан жағдайда 1.5-2 миллион теңге көлемінде сыйақы уәде етілген. Өздеріңіз білетіндей маусымашар матчта ақтөбеліктер «Тобылдың» ту-талақайын шығарып ұтқан болатын 4:1. Клуб маңызды матчта 3 ұпай еншілесе, Луиш Нани бастаған команда мүшелері бонусқа қарық болып қалған еді. Ал былтырғы чемпионға қарсы жеңіс үшін клуб басшылығы бонусты 3 есе өсіруге ниетті. Демек, бұл сома 5-6 миллион теңгенің айналасында болуы ықтимал. Бұл нақты сома емес.

«Қайрат» - «Ақтөбе» кездесуі 16-наурызда Алматыда болады. Әзірге, 1-турдан кейін «ақ-қызылдар» бірінші орынға жайғасуда. «Қайрат» 4-ші. Алматылықтар бірінші турда премьер-лига дебютанты «Алтайдан» айласын асырған болатын - 1:0.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 7
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 2
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×