
Барселона қаласында “Барселона” футбол клубының ерлер және әйелдер командаларының Ла Лигадағы чемпиондықтарын атап өтуге арналған салтанатты автобус шеруі өтті. Қала полициясының (Guàrdia Urbana) мәліметі бойынша, бұл шеруге шамамен 670000 адам қатысты.
Шеру ашық автобуспен өткізілді. Командалар қаланың басты көшелерімен жүріп өтіп, жиналған жанкүйерлерге кубоктарын көрсетіп, қуанышты бірге бөлісті. Арнайы күзет пен полиция қызметкерлері қауіпсіздікті қамтамасыз етті. Барселонаның әр бұрышынан келген жанкүйерлер ән айтып, жалауларын бұлғап, сүйікті командаларына құрмет көрсетті.
Біздің серіктес: FONBET