8-турдың қорытындысы: 5 голды легионер соқты

26.04.2011, 07:11
8-турдың қорытындысы: 5 голды легионер соқты
6 ойында кірген 15 голдың 5 голын легионерлер ұрған. 8 турда 3-ақ гол жіберген "Жетісу" командасының қорғанысы әзірге сыр бермей тұр. Ең көп гол соққан "Локомотив" пен "Ертіс" командалары. 14 доп соққан. Ең көп тең түскен команда "Воток" - 3 ойын. Ал енді мүлде тең түспеген команда ол "Тараз". Ең көп ұтылған "Тараз" командасы. Олар 6 ойында жеңілген.

8-турдың үздік қақпашысы - Александр Мокин. "Шахтер" қақпасын сырт алаңда қорғаған Мокин "Ақтөбенің" шабуылдарына тойтарыс бере білді. Соның арқасында кеншілер сырт алаңда маңызды жеңіске қол жеткізді.

Ең үздік қорғаушы - Леон. "Атырау"

"Атыраудың" қорғаушысы Леон сырт алаңдағы ойында өте белсенді көрінді. Сауатты ойынымен қорғаныстың тетігін ұстаған ол қостанайлық клубтың толқын-толқын шабуылын бірінен соң бірін қайтара білді.  Толық аты Джавиер Леон Игнасио. Аргентиналық легионердің Қазақстандағы алғашқы жаңашылдығы байқалуда.

Ең үздік жартылай қорғаушы - Драган Боговац. "Локомотив"

Черногриялық легионердің осы турда мықты көзге түскен кезі болды. Өткен кездесулерде де астаналық клубты алға сүйреген ол 8-турда да жақсы ойын өрнегімен танылды. Алғашқы голдардың кіруіне барынша атсалысқан ол алаңдағы қимылымен-ақ әріптестеріне жақсы мүмкіндіктер жасады. 8-турдың үздік ойыншысы деп дәл осы ойыншыны таныдық.

Ең үздік шабуылшы - Георги Даскалов. "Ертіс" Біріншілік басынан бері 3-ақ гол жіберген "Жетісуға" гол соғу екінің бірінің қолынан келе бермейтін шаруа болып тұр әзірге. Әуедегі доптың көбіне иелік етуге тырысатын болгариялық легионер осы кездесуде де жақсы қырынан көрінді. 80-минутта есепті ашып командасын алға сүйрегенімен, қарсыластар ойын біткенше жағдайды түзеп кетті. Әйтпегенде Даскалов жеңіс добының авторы атанғалы тұр еді.

Ермұхамед МӘУЛЕН

"Футбол.кз"

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Алдыңғы жаңалық
8-тур статистикасы
Aladop Youtube
×