Тараз қаласында ардагерлер арасында республикалық чемпионат өтіп жатыр. Жарыс 40+ және 50+ жас категориясы бойынша өтуде. Соның +50 жас санатындағы сайысында ойнайтын "Атбасар" командасының ойыншысы Аманбай Ақпаленов 82 жасқа толды! Жарысты ұйымдастырушылар Аманбай ағамызға шапан жауып, марапат көрсетті! Мінекей насихаттауға тұрарлық жаңалық деп осыны айт! 82 жасыңызда футбол ойнап жарысқа қатысып жүруді бәріңізге нәсіп етсін! Ағамызды құрметке бөлеген Жамбыл облысы әуесқойлар лигасы мен ардагерлер лигасына алғыс айтамыз!
Біздің серіктес: FONBET