86,631,312,500.00 теңге көкке ұшты – Исак тағы да қатардан шығып қалды

23.12.2025, 17:10

"Ливерпуль" шабуылшысы Александр Исак жарақатына байланысты ота жасатты, деп хабарлайды Aladop.kz.

86,631,312,500.00 теңге көкке ұшты – Исак тағы да қатардан шығып қалды

Швециялық шабуылшы “Тоттенхэм” қақпасына алғашқы голды соғу сәтінде қарсыласпен қақтығысып, аяғын қатты жарақаттап алған болатын. Медициналық тексерістен кейін оның толарсақ сүйегінің сынғаны анықталды. Бүгін ойыншыға сәтті ота жасалды.

Қазіргі уақытта Исак жаттығу орталығында оңалту курсынан өтуде. Алайда, клуб дәрігерлері оның алаңға нақты қашан оралатынын әлі хабарлаған жоқ.

125 миллион фунт стерлингке (шамамен 87 миллиард теңге) бағаланған шабуылшының "Ливерпульдегі” мансабы жарақаттардың кесірінен өте ауыр басталды. Ол биылғы маусымда бес маңызды кездесуге қатыса алмады:

– 14 қыркүйек – "Бернли” 0-1 "Ливерпуль"

– 25 қазан – "Брентфорд” 3-2 "Ливерпуль"

– 29 қазан – “Ливерпуль” 0:3 “Кристал Пэлас” 

– 01 қараша – “Ливерпуль” 2:0 “Астон Вилла"

– 04 қараша – “Ливерпуль” 1:0 “Реал Мадрид"

Осы жазда "Ньюкаслдан” рекордтық сомаға ауысқан Исак әзірге үмітті ақтай алмай тұр. Ол “Мерсисайдтықтарх сапында барлық турнирлерде 16 ойынға қатысып, небәрі 3 гол соқты. Жаңа жарақат оның командаға бейімделу процесін одан ары қиындата түсетіні анық.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×