9 күннен кейін жұмыстан қуылған бапкер қомақты қаржы алды

30.04.2020, 14:56
Атақты бапкер жұмыстан кеткені үшін де ақша алды.
9 күннен кейін жұмыстан қуылған бапкер қомақты қаржы алды

2018 жылдың басында Синиша Михаилович "Спортинг" командасының бас бапкері болып тағайындалған еді. Алайда, 9 күннен кейін клуб президенті қызметінен кетіп, оның орнына өзге маман келді. Ол сербиялық бапкермен келісімді үзіп, 300 мың еуро көлемінде компенсация төледі. Алайда, бұл сомаға қанағаттанбаған Михаилович Спорттық арбитраждық сотқа шағым түсіріп, португалиялық клубтан 11 миллион еуро талап етті. Осы кеше ғана арызға байланысты шешім шықты. Енді "Спортинг" серб маманына 3 миллион еуро көлемінде өтемақы беруі тиіс.

Синиша Михаилович қазір "Болония" клубының бас бапкері. Ликемия індетіне шалдығып, 3 мәрте химиялық терапия қабылдады. 50-ге толған бас бапкер өзін жақсы сезінеді. Ал оның клубы "Болония" қазір турнирлік кестеде 10-сатыға жайғасқан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Алдыңғы жаңалық
Түк шешпеген жиын
×