90-жылдардан кейінгі қазақ футболындағы ерекше оқиғалар

11.02.2014, 07:42
90-жылдардан кейінгі қазақ футболындағы ерекше оқиғалар

                        kazteam_2013_14_03

1992 жылы Қазақстан Республи­ка­сының футбол қауымдастығы ФИФА мен АФК-ның қауымдастық мүшесі болып қабылданды. Қазақстанның тұңғыш ұлттық біріншілігі мен кубогы ұйымдастырылып, екі турнирде де «Қайрат» жеңімпаз атанды. 1994 жылы Қазақстан ФИФА мен АФК-ның толық мүшесі болып қабылданды. Осы жылы Қазақстан құрамасы Бақ­тияр Байсейітовтің басшылығымен Орта Азия кубогын жеңіп алды. Құрама тұңғыш кездесуін Алматыдағы Орталық стадионда Түрікменстанмен өткізді. Жеңіске жол ашқан жалғыз голды шабуылшы Владимир Нидергаус 85-минутта соқты. 1994 жылы қазақстандық клубтар арасынан тұңғыш рет «Аңсат» (Павлодар) және «Тараз» командалары Азия клубтық жарыстарына қатысты. Бұл сында ең жоғары нәтижені атауы кейінірек «Ертіс» бо­лып өзгерген павлодарлық команда көр­сетті. 2001 жылы «Ертіс» финалдық төрт­тікте өнер көрсетіп, төртінші орын алды. 1995 жылы Қазақстан олимпиялық құрамасы Азия аумағы бойынша бірінші кезеңде жеңімпаз атанып, шешуші кезеңге шықты. Шабуылшы О.Литвиненко 6 ойында 10 гол соқты. АФК Литвиненконы Азия­ның 1995 жылдың қазан айындағы үздік ойыншысы деп таныды. 1996 жылы Қазақстан құрамасы АФК аясындағы тұңғыш ресми жарысқа қатыс­ты. ХІ Азия кубогының іріктеу кезеңінде отан­дастарымыз Сирия және Қатар командаларымен бір топқа түсті. 1ойында ғана же­ңіп, қалған 3 ойында ұтылған қазақ­стан­дықтар финалдық ке­зең­ге шыға алған жоқ. 1997 жылы Қазақстан құрамасы тұңғыш рет әлем біріншілігінің іріктеуіне қатысты. Алғашқы қадам өте сәтті болды және әлі күнге дейін құрама тарихындағы ең жоғары нәтиже болып отыр. Отандастарымыз алғашқы іріктеу сынында Ирак пен Пәкістанды жолда қалдырып, шешуші ке­зең­ге шықты. Мұнда сырт алаңдағы 4 кез­де­судің бәрінде Оңтүстік Корея, БАӘ, Өз­бекстан және Жапония құрамаларынан ірі есеппен ұтылғанымен, Алматыдағы 4 кездесуде жеңілген жоқ. 3 ойында тең аяқтап, БАӘ құрамасын 3:0 есебімен ұтты. 1998 жылы Қазақстан жастар құра­масы Азия чемпионатында 4-орын алып, Нигерияда өткен әлем чемпионатына жолдама алды. Мұнда Гана, Аргентина және Хорватия құрамаларынан ұтылып, топтан шыға алған жоқ. Шабуылшы Ерлан Оразаевтың соққан голы қазақстан­дық­тардың әлем біріншіліктеріндегі тұңғыш добы болып тарихқа енді. 2001 жылы Қазақстан құрамасы әлем біріншілігінің іріктеуіне екінші рет қатысып, алғашқы іріктеу кезеңінде Ирак құрамасын алға жіберіп алды. Осы жылы Қазақстан футбол одағы АФК құрамынан шығып, УЕФА құрамына кіруге талаптанды. Елімізге УЕФА сарапшылары келіп, футболдың даму барысымен танысты. 2002 жылдың 25 сәуірінде ҚФО УЕФА-ның толыққанды мүшесі болып қабылданды. 2002 жылдың жазында қазақстандық клубтар тұңғыш рет еурокубоктарға қа­тысты. Үш команда да алғашқы іріктеу кезе­ңінен өте алмады. «Жеңіс» (Астана) – Молдова чемпионы «Шерифтен», «Қайрат» – «Црвена Звездадан» (Сербия), «Атырау» «Матадордан» (Словакия) өте алмады. 1994 жылдың күзінде Қазақстан құрамасы УЕФА аясындағы тұңғыш іріктеу сынын бастады. Әлем біріншілігіне іріктеу кезеңінде отандастарымыз Украина, Грекия, Түркия, Грузия, Албания құрамала­ры­мен бір топқа түсіп, жалғыз ұпай иеленді. 2007 жылдың 24 наурызында Қа­зақстан құрамасы Сербияны 2:1 есебімен ұтып, УЕФА аясындағы ресми алғашқы жеңісіне жетті. Бұл Euro-2008 турнирінің іріктеу кезеңі болатын. Голландиялық маман Арно Пайперстің басшылығымен Қазақстан құрамасы 10 ұпай жинады. Бұл нәтиже күні бүгінге дейін жаңарған жоқ. 2009 жылдың шілдесінде Астана қаласында таза футболға ғана арналған «Астана-Арена» кешені ашылды. 30 мың адам сыятын стадионда Қазақстан құра­масы ресми кездесулерін өткізіп келеді. 2009 жылдан бері арнайы келісім нәтижесінде қазақстандық 26 жас өрен Бразилияның «Оле Бразил» футбол академиясында шеберліктерін жетілдіріп келеді. Алғашқы түлектер елге оралып, «Бәйтерек» футбол клубында бірінші лигада өнер көрсетуде. Биыл Қарағандының «Шахтер» командасы Еуропа лигасының топтық турни­ріне жолдама алды. Бұл – біз 12 жыл күткен нәтиже. Бұған дейін отандық команда­лардың ешқайсысы топқа шыға алмаған болатын. Павлодардың «Ертісі» – 5 рет Қазақ­стан чемпионы атанған жалғыз команда. Есей Жеңісұлы
Сол жылы «Қайрат» КСРО футбол федерациясы кубогының жеңімпазы атанды. Кишиневте өткен финалдық матчта алматылықтар Бакудың «Нефтчиін» 4:1 есебімен ұтты. 1992 жылы Қазақстан Республи­ка­сының футбол қауымдастығы ФИФА мен АФК-ның қауымдастық мүшесі болып қабылданды. Қазақстанның тұңғыш ұлттық біріншілігі мен кубогы ұйымдастырылып, екі турнирде де «Қайрат» жеңімпаз атанды. 1994 жылы Қазақстан ФИФА мен АФК-ның толық мүшесі болып қабылданды. Осы жылы Қазақстан құрамасы Бақ­тияр Байсейітовтің басшылығымен Орта Азия кубогын жеңіп алды. Құрама тұңғыш кездесуін Алматыдағы Орталық стадионда Түрікменстанмен өткізді. Жеңіске жол ашқан жалғыз голды шабуылшы Владимир Нидергаус 85-минутта соқты. 1994 жылы қазақстандық клубтар арасынан тұңғыш рет «Аңсат» (Павлодар) және «Тараз» командалары Азия клубтық жарыстарына қатысты. Бұл сында ең жоғары нәтижені атауы кейінірек «Ертіс» бо­лып өзгерген павлодарлық команда көр­сетті. 2001 жылы «Ертіс» финалдық төрт­тікте өнер көрсетіп, төртінші орын алды. 1995 жылы Қазақстан олимпиялық құрамасы Азия аумағы бойынша бірінші кезеңде жеңімпаз атанып, шешуші кезеңге шықты. Шабуылшы О.Литвиненко 6 ойында 10 гол соқты. АФК Литвиненконы Азия­ның 1995 жылдың қазан айындағы үздік ойыншысы деп таныды. 1996 жылы Қазақстан құрамасы АФК аясындағы тұңғыш ресми жарысқа қатыс­ты. ХІ Азия кубогының іріктеу кезеңінде отан­дастарымыз Сирия және Қатар командаларымен бір топқа түсті. 1ойында ғана же­ңіп, қалған 3 ойында ұтылған қазақ­стан­дықтар финалдық ке­зең­ге шыға алған жоқ. 1997 жылы Қазақстан құрамасы тұңғыш рет әлем біріншілігінің іріктеуіне қатысты. Алғашқы қадам өте сәтті болды және әлі күнге дейін құрама тарихындағы ең жоғары нәтиже болып отыр. Отандастарымыз алғашқы іріктеу сынында Ирак пен Пәкістанды жолда қалдырып, шешуші ке­зең­ге шықты. Мұнда сырт алаңдағы 4 кез­де­судің бәрінде Оңтүстік Корея, БАӘ, Өз­бекстан және Жапония құрамаларынан ірі есеппен ұтылғанымен, Алматыдағы 4 кездесуде жеңілген жоқ. 3 ойында тең аяқтап, БАӘ құрамасын 3:0 есебімен ұтты. 1998 жылы Қазақстан жастар құра­масы Азия чемпионатында 4-орын алып, Нигерияда өткен әлем чемпионатына жолдама алды. Мұнда Гана, Аргентина және Хорватия құрамаларынан ұтылып, топтан шыға алған жоқ. Шабуылшы Ерлан Оразаевтың соққан голы қазақстан­дық­тардың әлем біріншіліктеріндегі тұңғыш добы болып тарихқа енді. 2001 жылы Қазақстан құрамасы әлем біріншілігінің іріктеуіне екінші рет қатысып, алғашқы іріктеу кезеңінде Ирак құрамасын алға жіберіп алды. Осы жылы Қазақстан футбол одағы АФК құрамынан шығып, УЕФА құрамына кіруге талаптанды. Елімізге УЕФА сарапшылары келіп, футболдың даму барысымен танысты. 2002 жылдың 25 сәуірінде ҚФО УЕФА-ның толыққанды мүшесі болып қабылданды. 2002 жылдың жазында қазақстандық клубтар тұңғыш рет еурокубоктарға қа­тысты. Үш команда да алғашқы іріктеу кезе­ңінен өте алмады. «Жеңіс» (Астана) – Молдова чемпионы «Шерифтен», «Қайрат» – «Црвена Звездадан» (Сербия), «Атырау» «Матадордан» (Словакия) өте алмады. 2004 жылдың күзінде Қазақстан құрамасы УЕФА аясындағы тұңғыш іріктеу сынын бастады. Әлем біріншілігіне іріктеу кезеңінде отандастарымыз Украина, Грекия, Түркия, Грузия, Албания құрамала­ры­мен бір топқа түсіп, жалғыз ұпай иеленді. 2007 жылдың 24 наурызында Қа­зақстан құрамасы Сербияны 2:1 есебімен ұтып, УЕФА аясындағы ресми алғашқы жеңісіне жетті. Бұл Euro-2008 турнирінің іріктеу кезеңі болатын. Голландиялық маман Арно Пайперстің басшылығымен Қазақстан құрамасы 10 ұпай жинады. Бұл нәтиже күні бүгінге дейін жаңарған жоқ. 2009 жылдың шілдесінде Астана қаласында таза футболға ғана арналған «Астана-Арена» кешені ашылды. 30 мың адам сыятын стадионда Қазақстан құра­масы ресми кездесулерін өткізіп келеді. 2009 жылдан бері арнайы келісім нәтижесінде қазақстандық 26 жас өрен Бразилияның «Оле Бразил» футбол академиясында шеберліктерін жетілдіріп келеді. Алғашқы түлектер елге оралып, «Бәйтерек» футбол клубында бірінші лигада өнер көрсетуде. Биыл Қарағандының «Шахтер» командасы Еуропа лигасының топтық турни­ріне жолдама алды. Бұл – біз 12 жыл күткен нәтиже. Бұған дейін отандық команда­лардың ешқайсысы топқа шыға алмаған болатын. Павлодардың «Ертісі» – 5 рет Қазақ­стан чемпионы атанған жалғыз команда. www.el.kz Есей Жеңісұлы
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×