91 МЕТРДЕН ТОРҒА ТҮСІРДІ

09.09.2014, 22:21
91 МЕТРДЕН ТОРҒА ТҮСІРДІ
91 метр қашықтықтан салған қақпашының голы Гиннесстің рекордтар кітабына енді.
Англияның «Сток Сити» футбол клубының қақпашысы Асмир Беговичтің голы «футбол тарихындағы ең ұзақ қашықтықтан салынған гол» ретінде Гиннесстің рекордтар кітабына ресми түрде енді, деп жазады massaget.kz. 2013 жылдың қарашасында «Саутгемптон» командасымен кездесуде ойынның 13-секундында Асмир Беговичтің өз айып алаңынан тепкен добы қарсыластардың қақпасынан табылады. Мамандардың зерттеуі бойынша, Беговичтің голы қарсыластардың қақпасына дейін 91,9 метр қашықтықтан салынған. Осылайша футбол тарихындағы ең ұзақ қашықтықтан салынған гол «Сток Сити» қақпашысының атына жазылды. Бегович - Англия чемпионатында гол салған бесінші қақпашы. Босниялық футболшы Асмир Бегович «Сток Сити» футбол клубымен 2010 жылдың 1 ақпанында келісімшартқа отырған. Келісімшарт мерзімі төрт жарым жылды құрайды.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Алдыңғы жаңалық
Қазақстан-Латвия. 22-00-де.
Келесі жаңалық
МАРАДОНА НЕГЕ ТӨБЕЛЕСТІ?
Серіктес жаңалықтары
×