Scott McTominay
Gran Gala del Calcio салтанатында Италияның А сериясының 2024/25 жылғы маусымдағы үздік футболшылары мен бапкерлері аталды, деп хабарлайды Aladop.kz.
"Наполи" жартылай қорғаушысы Скотт МкТоминей маусымның үздік ойыншысы деп танылды, сонымен қатар, маусымның символикалық командасынан да орын алды.
Мактоминейдің командасы "Үздік клуб" атағын жеңіп алса команданы Италия чемпионы еткен Антонио Конте "Жыл бапкері" деп танылды.
Үздік жас футболшы атағы "Интердің" шабуылшысы Пио Эспозитоға бұйырды.
Сонымен қатар, "Кальяри" қорғаушысы Алессандро Деола ең әдемі гол авторы атанды.