А сериясындағы ең көп жалақы алатын италиялық футболшылардың тізімі жарияланды

11.10.2020, 01:51
Бұл тізімде «Ювентустың» су жаңа ойыншысы да бар.
А сериясындағы ең көп жалақы алатын италиялық футболшылардың тізімі жарияланды

«Ювентус» қорғаушысы Леонардо Бонуччи А сериясындағы ең көп жалақы алатын италиялық ойыншы деп хабарлайды Football Italia La Gazzetta dello Sport-қа сілтеме жасап.

Футболшының таза табысы жылына 6,5 миллион еуроны құрайды. Бонуччиден кейін «Милан» қақпашысы Джанлуиджи Доннарумма тұр (жылына 6 миллион еуро). Жартылай қорғаушы Федерико Кьеза «Ювентус» клубына ауысқанының арқасында лигадағы ең көп жалақы алатын италтялық ойыншылардың қатарына енді. Жаңа келісімшарт бойынша «Фиорентинаның» бұрынғы ойыншысы жылына 5 миллион еуро алады.

Төртінші орында «Наполи» капитаны және шабуылшы Лоренцо Инсинье (4,5 миллион еуро) тұр. «Лацио» шабуылшысы Чиро Иммобиле мен «Ювентустың» жартылай қорғаушысы Федерико Бернардески жылына 4 миллион еуродан алады.

Өткен маусымда Бонуччи Италия чемпионатында 35 матч өткізіп, 3 гол соғып, 10 сары қағаз алған. Футболшының «Ювентуспен» келісімшарты 2024 жылдың жазына дейін жарамды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×