Абат Айымбетов «Астанада» ойнауын жалғастыра бермек

14.07.2021, 04:20
Абат осы жылдың соңына дейін «Астанада» доп теппек.
Абат Айымбетов «Астанада» ойнауын жалғастыра бермек

"Астана" 25 жастағы "Крылья Советов" шабуылшысы Абат Айымбетовтің жалдау мерзімін ұзартты, деп хабарлайды самаралық клубтың ресми сайты.

Абат Айымбетов елордалық клуб сапында 2021 жылдың соңына дейін өнер көрсететін болады.

Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың ақпанында қазақстандық шабуылшы "Крылья Советов" клубымен келісім-шартқа отырған, бірақ ресейлік клуб үшін бірде-бір матч өткізбестен, "Астанаға" ауысқан еді.

Абат ағымдағы маусымда елордалық клуб үшін 13 матч өткізіп, онда 6 гол соқты және бір нәтижелі пас берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×