Қазақстан құрамасының шабуылшысы Абат Айымбетов Словакиямен болатын матч алдында баспасөз мәслихатына қатысты.
- Үш күн сайын матч өткізу ойыншыларға қалай әсер етуде?
- Қиынға соғуда. Бірақ амалымыз қанша, шыдауға тура келеді. Ертеңгі ойынға деген дайындық жақсы. Соңғы матчты жеңіспен аяқтауға тырысамыз.
- Соққан голдарыңыздан кейін жанкүйерлер сізді Роналдуға теңеуде.
- Әрине, Бензема, Роналду секілді ойыншылармен салыстырғаны жақсы әсер сыйлайды. Бірақ мен Аралдан шыққан Айымбетовпін. Бір күні сондай футболшы боламын деген үміттемін.
- Қазақстан біріншілігі бел ортасына келді, ал Словакияда чемпионат аяқталып жатыр. Бұл біздің команда үшін артықшылық па?
- Мұны ертеңгі ойын көрсетеді деп ойлаймын.
Біздің серіктес: FONBET