Абат Айымбетов Чемпиондар Лигасында ойнайтын команда жейдесін киді

06.09.2025, 16:01

Қазақстан құрамасының шабуылшысы Абат Айымбетов Иран чемпионатында өнер көрсетпек.

Абат Айымбетов Чемпиондар Лигасында ойнайтын команда жейдесін киді
Абат Айымбетов "Адана Демирспор" сапында

Отандасымыз «Персеполис» клубымен келіссөз жүргізуде. Шамамен келесі аптада трансфер аяқталып қалуы ықтимал делінген. Айымбетовтің жаңа клубы Азия Чемпиондар Лигасында бақ сынайтын клуб. Биылғы Иран біріншілігінде «Персеполис» алтыншы орынға табан тіреуде. 

30 жасар футболшы Қазақстанда «Ақтөбе»,«Қайрат» және «Астана» намысын қорғаған. Соңғы клубы Түркия Суперлигасында ойнайтын «Адана Демирспор» командасы болатын. Бірақ, өткен маусымда Қазақстан құрамасының шабуылшысы мен аданалық ұжым Суперлигада соңғы орын алып, төменгі дивизионға түсті. Ал Абат еркін агент болып, клубтан кеткен еді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 10
Ұнамайды 5
Күлкілі 0
Масқара 2
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×