
Абат Айымбетов "Адана Демирспор" сапында
Уэльспен болатын ойынның алдында ұлттық команда өкілдері баспасөз-маслихатына қатысып, БАҚ-тың сауалдарына жауап берді.
Абат Айымбетов те келіп, өзінің кездесу туралы ойын ортаға салды.
«Екі жыл бұрынғы Солтүстік Ирландияға қарсы өткен матчтағы ерлігімді қайталай аламын деген ойдамын. Моральдік тұрғыда барлығы соған дайын тұр. Гол салып, жанккүйерлерімізді қуантып, жақсы көңіл-күймен қатқым келеді», - деді А. Айымбетов.
Қазақстандық футболшылар наурыздың 22-нен 23-не қараған түні Уэльске қарсы тұрмақ. Ал тағы үш күн өткен соң сыртта Лихтенштейн құрамасымен жолығады.
Бұл екі матч ӘЧ-2026 іріктеуі аясындағы ойындар. Бізден бөлек J тобында тағы Бельгия мен Солтүстік Македония құрамалары да бар.
Біздің серіктес: FONBET