
Абат Айымбетов "Адана Демирспор" сапында
vesti.kz мәліметіне сай, Абат Айымбетов «Адана Демирспор» клубынан кетуге жақын.
Дәл қазір қазақстандық шабуылшы «Астана» қатарында жаттығуда. Футболшы елордалықтар сапына Қазақстан құрамасының ӘЧ-2026 іріктеуіндегі кездесулерінен кейін бірден келіп қосылған көрінеді.
«Адана Демирспор» жейдесінде А. Айымбетов барлық турнирлердегі 30 ойында бес рет мергендік танытқан. Түркиялық клу жоғары дивизионда қалу мүмкіндігінен айырылып, қазір басынан ауыр күндер кешіруде.
Біздің серіктес: FONBET