Абат Айымбетов «Крылья Советов» клубындағы алғашқы матчын қашан өткізеді?

15.02.2021, 03:13
Абат жаңа клубындағы алғашқы жаттығуларын өткізіп үлгерді.
Абат Айымбетов «Крылья Советов» клубындағы алғашқы матчын қашан өткізеді?

Бүгін "Крылья Советов" клубы ресми сайтында футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы мен "Қайраттың" шабуылшысы Абат Айымбетовтің келгені туралы хабарлады. Ол самаралық клубтың жаттығуларына қатысып үлгерді.

Абат өзінің жаңа командадағы дебюттік матчын "Акронға" немесе босниялық "Вележге" қарсы сынақ матчында өткізуі мүмкін. Екі кездесу де 15 ақпанда өтеді.

Meta-ratings.kz хабарлағандай, 13 ақпанда қазақстандық шабуылшы "Крылья Советов" клубымен алты айлық келісім-шартқа отырған. Егер команда РПЛ-ге жолдама алса, келісім-шарт тағы екі жылға ұзартылады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×