Абат Айымбетов мансабын Ресейде жалғастырады

20.01.2021, 03:40
Клуб жаңа шабуылшыны бекерден-бекер алған жоқ.
Абат Айымбетов мансабын Ресейде жалғастырады

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Абат Айымбетов Ресей Премьер-лигасында ойнайтын "Химкиге" ауысуы мүмкін.

Еске салайық, алматылық клубтың өткен маусымдағы үздік шабуылшысының кететіні туралы қауесет бірнеше күн бұрын пайда болды. Оның агенті Ресей мен Түркиядан әртүрлі нұсқаларды іздеуде.

Сонымен бірге Айымбетовтің өзі РПЛ-ге кететінін меңзеп, әлеуметтік желілерде Қазақстан құрамасы мен ЦСКА ойыншысы Бахтиер Зайнутдиновке жақын арада кездесетіндіктерін жазды.

"Химки" дәл қазіргі сәтте 19 матчта 25 ұпай жинап, турнир кестесінде 11-орында тұр. Клубқа өткен жылдың қыркүйек айында Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Исламбек Қуат ауысқан еді.

"Қайрат" бүгін германиялық шабуылшы Штрели Мамбаны қатарға қосқанын мәлімдеген еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×