Абат Айымбетов: «Мүмкін емес ештеңе жоқ»

28.07.2022, 15:46
Абат бүгінгі матчқа қатысуға дайын екенін мәлімдеді.
Абат Айымбетов: «Мүмкін емес ештеңе жоқ»

«Астананың» шабуылшысы Абат Айымбетов УЕФА Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңінде «Ракувақа» қарсы өтетін қарымта ойын жайлы пікір білдірді:

– Біз 5:0 есебімен ұтылуға лайық емеспіз. Ертең осыны дәлелдеуге барымызды саламыз. Мүмкін емес ештеңе жоқ, бәрі де жаратқанның еншісінде. Құдай қаласа, үлкен есеппен жеңіске жетуіміз мүмкін.

– Ертең 90 минут алаңда болуға дайынсыз ба? Ешқандай жарақатыңыз жоқ қой?

– Мен алаңға шығуға дайынмын. Бабымдамын деп те айта аламын. Бәрі ойын барысында анықталады.

– Бас бапкердің сөзінше, ең бастысы тартысты ойын көрсету, ал сіз болсаңыз жеңіске сенемін дейсіз?

– Біз жеңіске жетеміз деген сенімдеміз. Неге сенбеске? Футболда бәрі де мүмкін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×