Sportbox.ru сайты "Крылья Советов" клубының трансферлік саясатын назардан тыс қалдырмады, сонымен қатар жаңадан келгендердің, соның ішінде Қазақстан құрамасының шабуылшысы Абат Айымбетовтің де самаралық клубтың жаттығу жиынына қосылмауының себебін түсіндірді.
"Крылья Советов" турнирдің басты фавориті кім екенін көрсетті. Самаралық клуб "Динамо Минсктің" және Беларуссия жастар құрамасының қорғаушысы Дмитрий Прищепамен, "Уралдың" жартылай қорғаушылары Дмитрий Ефремовпен, Рикардо Алвешпен, сондай-ақ шабуылшы Абат Айымбетовпен келісімшартқа отырмақ.
Айымбетов - "Рубинмен" болған жолдастық кеддесуде (1:3) гол соққан гвинеялық шабуылшы Момо Янсанені сатып алған "Нижний Новгородқа" берілген жауап. Айырмашылығы - 25 жастағы қазақстандық футболшы Ресейдегі легионер мәртебесіне ие болмайды. 2020 жылғы маусымда "Қайратта" 20 матч өткізіп 10 гол соқты. Бұрын ол "Ақтөбеде" ойнаған, Чемпиондар Лигасының іріктеу кезеңінде гол соққан. Сонымен қатар оның Қазақстан құрамасында өткізген 12 ойыны мен 2 голы бар.
Прищепадан басқасының барлығы клубтың екінші оқу-жаттығу жиынына кеш келді, бірақ олар Игорь Осинкиннің командасымен бірге жаттығу жасамады. Содан кейін Айымбетов пен Ефремов медициналық тексерістен өту үшін Мәскеуге ұшып кетті. Бұл қаралымда жүретін ойыншылар емес. Олар бәрін заңды түрде аяқтаған бойда, 11 ақпанда Белекте жаттығуды қайта бастаған клубқа қосылады. Менің мәліметім бойынша, барлық мәселе шешіліп қойды, тек Алвешке қатысты бір мәселе бар - "Крылья Советов" легионерді тізімге қосу үшін бір орынды босатуы керек", - делінген мәтінде.
Еске салайық, өткен маусымда 25 жастағы Айымбетов "Қайратқа" 16 жыл ішінде алғаш рет чемпион атануға көмектесті. Сондай-ақ Ұлттар лигасының топтық кезеңінде Қазақстан құрамасы сапында екі рет гол соқты.
Біздің серіктес: FONBET