«Астана» клубының шабуылшысы Абат Айымбетов Қазақстан құрамасының 2022 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңіндегі Украина, Финляндия, Босния және Герцеговина командаларына қарсы өтетін ойындарына шақырту алды. Бұл туралы елордалық клубтың баспасөз қызметі хабарлады.
Естеріңізге сала кетейік, күні кеше Абаттың «Ротор» шабуылшысы Алексей Щеткиннің орнына шақыртылатыны туралы ақпарат пайда болған еді. Щеткин өз командасының негізгі құрамына ілігу үшін «Ротордағы» жаттығуын жалғастыра бермек.
Абат осы маусымда «Астана» жейдесінде 20 матчқа қатысып, 9 гол мен 1 нәтижелі пасты өз еншісіне жазды.
Біздің серіктес: FONBET