Абат Айымбетов РПЛ-де? Магомед Адиев шабуылшыны қасына шақырыпты

19.06.2025, 13:44

«Крылья над Волгой» телеграм-арнасының мәлімдеуінше, самаралық «Крылья Советов» клубы Қазақстан құрамасының шабуылшысы Абат Айымбетовке қызығушылық танытуда.

Абат Айымбетов РПЛ-де? Магомед Адиев шабуылшыны қасына шақырыпты
Абат Айымбетов

Әзірше түркиялық «Адана Демирспордың» сапындағы футболшыны алуға ресейлік ұжымның бас бапкері Магомед Адиевтің өзі мүдделі көрінеді.

"Крылья Советов" бас бапкері Магомед Адиев Қазақстан құрамасында бірге жұмыс істеген шабуылшы Абат Айымбетовті өзінің командасында көруге мүдделі" - делінген телеграм-арнасының жазбасында.

Абат Айымбетов осыған дейін де самаралық команда сапында доп тепкен. Отандасымсыз 2021-жылғы маусымда ресейлік ұжым сапында өнер көрсетіп, негізгі құрамға іліне алмаған еді. 27 жасар футболшы өткен маусымда «Адана Демирспор» жейдесінде 27 кездесуде 5 рет мергендік танытты. Футболшының келісімшарты осы айдың аяғында бітеді.      

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 5
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×