Абат Айымбетов Стамбулда жеке дайындықтарын жалғастыруда

26.10.2025, 21:30

Қазақстан құрамасының шабуылшысы Абат Айымбетов Instagram желісіндегі сторисінде өз жаттығу сәттерін бөлісті. Белгілі футболшы кадрлардан көрініп тұрғандай, қазіргі уақытта Стамбул қаласында жеке дайындықтарын жүргізіп жатыр.

Абат Айымбетов Стамбулда жеке дайындықтарын жалғастыруда

Өткен маусымда Абат Түркияның “Адана Демирспор” клубының намысын қорғаған болатын. Ол команда сапында 28 матч өткізіп, 5 гол соқты. Алайда маусым соңында клуб Түркия чемпионатының жоғарғы лигасынан түсіп қалды.

2025 жылдың 1 шілдесінен бастап қазақстандық шабуылшы ресми түрде еркін агент атанды. Содан бері оның жаңа клуб табуы немесе келіссөздер жүргізіп жатқаны жөнінде ешқандай ресми ақпарат шыққан жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×