Отандасымыз өнер көрсететін “Петролул” клубы Румыния Суперлигасында “Аргештен” басым түсті (2:1).
Чемпионаттың 27-турына сәйкес келген матчта бірінші болып алаң қонақтарынан шабуылшы Адель Беттайеб көзге түсті. Алайда екінші таймда бірнеше ойыншысын алмастырған “Петролул” Ханса мен Думитреску көмегімен таблодағы есепті өз пайдасына өзгертті (2:1).
Өкінішке қарай, Виорел Молдован баптайтын команда құрамынан Абат Айымбетовты көре алмадық. 12 ақпан күні Румыния ұжымына қосылған отандасымыз “Петролулдың” ЧФР Клужға қарсы кездесуінде алаңға шығуы мүмкін.
Қазірде сары-көк жейделі клуб ішкі чемпионатта 28 ұпаймен аутсайдерлер тоьында келеді. Ал кеше жеңіліс тапқан “Аргеш” үздік бестіктің командасы (43 ұпай).