Абат Айымбетов жақын арада ресейлік клубқа ауысады

09.02.2021, 18:03
Бұл клуб РПЛ-ге жолдама алуға біртабан жақын тұр.
Абат Айымбетов жақын арада ресейлік клубқа ауысады

Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Абат Айымбетов ресейлік "Крылья Советов" клубымен келіссөздер жүргізуде, деп хабарлайды Vesti.kz. Мәміле алдағы екі күнде аяқталуы мүмкін.

"Матч ТВ" хабарлағандай, қазақстандық футболшы "Крылья Советов" клубының оқу-жаттығу жиынына қатысуда.

Сонымен қатар ресейлік командасының бас директоры Евгений Калакуцкий (бірнеше жыл бұрын ол "Қайраттың" техникалық директоры болған) Айымбетовтің трансферіне қатысты қысқаша пікір білдірді: "Бірдеңе деп айтуға әлі ерте, шешілмеген бірнеше мәселелер бар".

Естеріңізге сала кетейік, Абаттың "Қайратпен" келісімшарты аяқталған болатын, содан кейін ол шетелден жаңа команда іздей бастады. Қаңтардың соңында ол "Урал" клубының оқу-жаттығу жиынында болды, екі сынақ матчына қатысты, бірақ келісімшартқа отырмады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×