Абат Айымбетовтің келесі маусымды қай командада өткізетіні белгілі болды

10.01.2022, 17:15
Шабуылшының ресейлік «Крылья Советов» клубымен жарамды келісім-шарты бар
Абат Айымбетовтің келесі маусымды қай командада өткізетіні белгілі болды

Қазақстан құрамасының шабуылшысы Абат Айымбетов келесі маусымды «Астанада» өткізеді, деп хабарлайды Meta-ratings.kz.

Шабуылшының ресейлік «Крылья Советов» клубымен жарамды келісім-шарты бар. Абат өткен маусымда да елордалық клубта жалдау шарты бойынша өнер көрсеткен еді. Қазақстан Премьер-лигасында «Астана» үшін 14 матч өткізіп, алты гол соқты, бір нәтижелі пас берді.

Қазақстандық шабуылшы «Астанамен» бірге Түркиядағы оқу-жаттығу жиынына барады деп жоспарлануда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×