Отандасымыз Абат Айымбетов өнер көрсететін “Аданадемирспор” ұжымы тағы да УЕФА қыспағына алынды.
Қаржылық фэйр-плей ережесіне бағынбағаны үшін “Аданадемирспор” үш маусым бойы еурокубоктік турнирлерге қатыса алмайтын болады. Бұның алдында клуб 3 трансферлік ауысымға дейін жаңа футболшыларды тіркеу мүмкіндігінен айырылды.
Дәл қазіргі сәтте “Аданадемирспор” клубы Түркия Суперлигасында 11 орында келеді. Кеше Самет Айбаба шәкірттері “Антальяспор” клубымен бақ сынасып, 2:1 есебімен ұтылған болатын. Айта кетейік, аталған ойында Адана қаласының ұжымындағы жалғыз голды Абат Айымбетов соқты. Жалпы отандасымыз түрік командасында 8 ойын өткізіп үлгерді.
Біздің серіктес: FONBET