Абат төртінші матчта да гол сала алмады

Мұқашұлы Мұрат
Мұқашұлы Мұрат
Бас редактор
Бүгін, 11:52

Түркия суперлигасының жетінші турында «Бодрумспор» «Адана Демирспорды» қабылдап, сенімді жеңіске жетті (3:1).

Абат төртінші матчта да гол сала алмады
Абат Айымбетов "Адана Демирспор" командасының жаттығуында

Аталған матчта қонақ команда сапында Қазақстан құрамасының шабуылшысы Абат Айымбетов алаңға бірінші минуттардан шығып, үзілістен кейін өзінің орнын командаласына босатты. Бұл қазақстандық футболшы үшін «Адана Демирспор» сапындағы осы маусымдағы төртінші кездесуі болатын. Әзірге, отандасымыз жаңа маусымда мергендігімен көзге түсе қоймады. Осыған дейінгі екі матчта Абат Айымбетов өнер көрсеткен жоқ. Бұған қазақстандық шабуылшының жарақаты себеп болған көрінеді.        

«Адана Демирспор» жеті турдан кейін 1 ұпаймен он тоғызыншы сатыға жайғасқан. Ал «Бодрумспор» 9 ұпаймен сегізінші орында келеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×