Аббосбек Файзуллаев алаңдағы рөліне байланысты нәтижесінің төмендеуін түсіндірді

27.04.2025, 19:30

Өзбекстан ұлттық құрамасы мен Мәскеудің "ЦСКА" клубының жартылай қорғаушысы Аббосбек Файзуллаев ойынының нашарлағанын түсіндірді.

Аббосбек Файзуллаев алаңдағы рөліне байланысты нәтижесінің төмендеуін түсіндірді

“Шынымен де,  менің нәтижелілігім өзгерген сияқты. Бұл мен үшін жаңа позиция, мұнда мен көбінесе артқа қайтып ойнаймын. Сол себепті, ойнауда қиындықтар туындап жатқан сияқты. Бірақ ең бастысы – мен командама көмектесіп жатырмын. Егер бапкер мені сол жерде көруді қаласа, мен сол позицияда ойнап, командама көмектесуге тырысамын. Қысқы оқу-жаттығу жиындарында біз тесттер өткіздік, менде ең жоғары көрсеткіштер болды. Осыған байланысты бапкер мені сол жерге қойды. Ол сол жерде қалай ойнау керектігін үйретіп жатыр, мен де тырысып жүрмін. – деді ол. (Матч ТВ)

Осы маусымда 21 жастағы Файзуллаев "ЦСКА” құрамында барлық турнирлерде 33 матч өткізіп, 3 гол соғып, 7 нәтижелі пас берген. Алайда, Ресей Премьер лигасының соңғы 11 матчында ол гол да соққан жоқ, нәтижелі пас да берген жоқ.

Айболат Өнер

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×