Абдухалық Бөрібаев: «Əлі де болса көп жұмыс атқаруымыз керек»

11.05.2021, 02:44
«Тұран» кешегі матчта қоржынына тоғызыншы ұпайын салды.
Абдухалық Бөрібаев: «Əлі де болса көп жұмыс атқаруымыз керек»

"Тұран" командасының бас бапкері Абдухалық Бөрібаев "Қызыл-Жарға" қарсы өткен матч жайлы пікір білдірді:

- Қатарынан екінші рет жеңіске жеткендеріңіз құтты болсын. Бүгінгі мачта командаңыз қандай ойын деңгейін көрсетті?

- Әрине бұл жоспарланған ойын болды. Қарсыластар мықты болды, əлбетте, олардың жоғары деңгейде дайындалғаны көрініп тұр. Олар бірінші таймда өздерінің тактикасы бойынша шабуылда ойнады.

- Неліктен Стэнлиді алаңға шығарып, бес минуттан соң ауыстырдыңыз?

- Екінші тайм барысында Стэнлиді шығарған себебім, шабуылды күшейту керек болды. Бірақ ол ойынға дайын болмай шықты. Жаттығу кезінде дайын болғанымен матчқа дайын болмайтын ойыншылар болады. Сондықтан да оны ойын барысында ауыстыруға мəжбүр болдық.

- Жалпы бүгінгі ойынға бапкер ретінде көңіліңіз толды ма?

- Əрине, көңілім толды. Ойыншылар кездесу барысында бар күшін салды. Дегенмен, футболшылармен өте көп жұмыс істеу керек. Жарақат алып жатқан ойыншыларымыз бар. Əлі де болса көп жұмыс атқаруымыз керек. Сонда ғана жеңістер көп болады деп ойлаймыз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×