Абдухалық Бөрібаев: «Жасанды алаңда жаттығу жасап, табиғи алаңда өнер көрсету ойынға əсер етеді»

05.04.2021, 16:25
«Тұран» ойынның соңғы минуттарында жеңісті уысынан шығарып алды.
Абдухалық Бөрібаев: «Жасанды алаңда жаттығу жасап, табиғи алаңда өнер көрсету ойынға əсер етеді»

"Тұран" командасының бас бапкері Абдухалық Бөрібаев "Қайсармен" болған матчтың қорытындысын шығарды:

- Бүгінгі матч тартысты өтті. Əрине, кемшіліктер жоқ емес. Чемпионаттың басталғанына көп болған жоқ. Шымкент қаласында жасанды алаңда екі апталық жаттығу жасадық. Футболшыларымның ойын барысындағы əрекеттеріне көңілім толды. Бәрі де бір команда болып жұмыс істеді. Жасанды алаңда жаттығу жасап, табиғи алаңда өнер көрсету ойынға əсер етеді.

Біздің командаға концентрация жетіспеді. Яғни, соңғы секундқа дейін əр футболшы ойында болуы керек. Қойған мақсаттарды, талаптарды дұрыс орындай алмағандығынан болуы керек, біз үш ұпайға қол жеткізе алмадық. Тіпті, ойынға тыңнан қосылған футболшылар да қойған міндетті орындай алмады. Ойынды толық сараптап, содан нəтиже шығарамыз.

Футбол ойнау үшін ауа-райының ешқандай қолайсыздығы жоқ. Екі командаға да ауа-райы бірдей әсер етті. Алаң да екі жаққа бірдей болды. Стадионның алаңына су тұрып қалмады. Сондықтан да стадионға бапкер ретінде шағымым жоқ.

"Тұран" ФК баспасөз қызметі

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×