Абдукодир Хусанов “Манчестер Ситимен” келісімшарт мерзімін 2031 жылға дейін ұзартты

Бүгін, 18:20

Ағылшынның "Манчестер Сити" футбол клубы Өзбекстандық қорғаушы Абдукодир Хусановпен келісімшарт мерзімін ұзартқанын ресми түрде жариялады. Клубтың баспасөз қызметінің хабарлауынша, жаңа келісім 2031 жылға дейін жасалған, деп хабарлайды Aladop.kz.

Абдукодир Хусанов “Манчестер Ситимен” келісімшарт мерзімін 2031 жылға дейін ұзартты

Хусанов қазіргі уақытта 22 жаста және ол "Манчестер Сити” сапына 2025 жылдың қаңтар айында қосылған болатын. Осы қысқа уақыт ішінде ол командамен бірге Англия кубогы мен Англия лигасы кубогының иегері атанды. Қорғаушы Aғылшын клубы үшін барлығы 47 матч өткізіп, 1 гол соққан.

Халықаралық деңгейде де Хусанов белсенді өнер көрсетіп келеді. Өзбекстан ұлттық құрамасы сапында ол 30 матч өткізді, оның ішінде АҚШ, Канада және Мексикада өткен соңғы әлем чемпионатындағы үш кездесу де бар.

Айта кететін жайт, Хусанов "Манчестер Сити” тарихында өнер көрсеткен бұрынғы КСРО елдерінен шыққан жетінші футболшы болып тіркелді. Бұған дейін бұл клубта келесі ойыншылар ойнаған:

– Андрей Канчельскис (Ресей)

– Кахабер Цхададзе, Муртаз Шелия, Георгий Кинкладзе, Михаил Кавелашвили (Грузия)

– Oлександр Зинченко (Украина)

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Aladop Youtube
×