«Тұранның» 34 жастағы жартылай қорғаушысы Абдуллай Диакате Қазақстан Премьер-лигасында 300 матч өткізді, деп хабарлайды KazFootball.kz.
Сенегалдық футболшы Қазақстан Премьер-лигасында 2011 жылдан бері өнер көрсетіп келеді.
«Тараз» сапында үш маусымда 83 кездесу өткізіп, 11 гол соққан. 2015 жылы «Атырау» сапында ойнап, 24 кездесуде, 2 мәрте қарсылас қақпасынан саңылау тапты. 2014-2021 жылдар аралығында «Ордабасы» намысын қорғады (185 матч, 25 гол).
«Тұран» сапында бүгінге дейін 8 ойынға қатысып, 1 гол соқты.
Диакате Премьер-лигада бас-аяғы 300 матч өткізіп, 39 голдың авторы атанды.
Біздің серіктес: FONBET