23 жастағы шабуылшы "Торпедоға" қарсы ойынның екінші таймында қосылған болатын.
“Ордабасы” командасы Конференция Лигасының 1 іріктеуінің қарымта кездесуінде “Торпедо” Кутаисимен тең тарқасты (1:1, ортақ есеп: 4;5 ). Ойынның екінші таймында Сағадат Тұрсынбайды алмастырған Абылайхан Жұмабек қосымша минутта мергендігімен көзге түсті. Сол арқылы клубтағы дебюттық нәтижесін тіркеді.
Еске салайық, Тараз түлегі Шымкент командасына 2 шілде күні “Тұран” клубынан ауысып келген болатын. Ұжымда Жұмабек 10 нөмірмен өнер көрсетуге мүмкіндік алды.
Айта кетейік, Абылайхан Жұмабек Конференция Лигасының іріктеуінде “Ақтөбе” сапында ойнап жүріп, 1 гол соққан еді.