Абылайхан Жұмабек: «Менің дебютім тарихи матчпен тұспа-тұс келді»

24.09.2022, 16:31
«Тараз» шабуылшысы Әзербайжанға қарсы ойында негізгі құрамнан шығуы ықтимал.
Абылайхан Жұмабек: «Менің дебютім тарихи матчпен тұспа-тұс келді»

Қазақстан құрамасының шабуылшысы Абылайхан Жұмабек УЕФА Ұлттар лигасының топтық кезеңінде Беларусьпен болған ойынға (2:1) қатысты пікір білдірді:

– Ең алдымен Қазақ елін жеңісімен құттықтаймын! Тарихи жеңіс! Келіп, бізді қолдаған жанкүйерлерге рахмет! Көңіл-күй керемет, бәрі тамаша! Менің дебютім жақсы өтті және тарихи матчпен тұспа-тұс келді. Жаттықтырушылар құрамы мен әріптестеріме рахмет! Сондай-ақ жанкүйерлерге айтар алғысым шексіз. Мен бұл жеңісті Қазақ еліне арнаймын!

Бапкер әлі ештеңе бітпегенін, бізде финалдық кездесу бар екенін айтты. Алла қаласа дайындалып, Әзірбайжанды жеңуге тырысамыз.

«В» дивизионына көтерілу? Қандай қарсыластар бар екенін көрейік. Содан кейін біз келесі циклге дайындаламыз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×