Абылайхан келіп “Жетісай” жыртып жатыр

Ерлан Шойтымов жаттықтыратын ұжым өз ойыншыларын қайтарып алғаннан кейін ойыны қайта жүрді.

Абылайхан келіп “Жетісай” жыртып жатыр

Осы жазғы трансферлік ауысымда команда қақпашы Думан Шалғынбаев пен Рамазан Абылайханды қайта қатарға қосты. 

Бірін Бірінші Лигадағы “Хан-Тәңірінен” келсе, енді бірі Премьер дебютанты “Ұлытаудан” келді.

Жас шабуылшы Рамазан Абылайхан Ұлытауда 17 ойын өткізіп, 1 гол соқты. Алайда командаға Нүркен Мәзбаев келісімен 23 жастағы ойыншы құрамдағы орнын жоғалтты. Соның нәтижесінде “Жетісайдан” бірақ шықты. 

Жетісай командасы бұл екі ойыншының келуімен қатарынан 3 ойында жеңіске жетті. Ал сол матчтарда Рамазан Абылайхан 2 голдық пас пен 4 гол соқты. Осыдан қарап-ақ жас шабуылшы мен қақпашы өз командасын қайта тапты деуге болады. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

футбол
Aladop Youtube
×