Абыройы қалмаған қазақ футболы

Ермұхамед Мәулен
Ермұхамед Мәулен
Бас редактор
04.08.2020, 15:18
Шарасыздық, көзбояушылық, абыройсыздық. Қазақ футболы жайлы тек осылай ғана айта аламыз.
Абыройы қалмаған қазақ футболы

Қазақстан премьер лигасының қайта жалғаспай жатқаны қалың жанкүйердің зығырданын қайнатты. Әлбетте фанаттар футболды сағынды. Бірақ, көп жерде карантин енгізіліп, футбол матчтары тоқтап тұр. Қазақстанда да солай. Бірақ, жағдай тәуірленісімен бір тур ойнауға мұрша берілді. Артынша қайтадан карантин күшіне енді де, қазақ футболы қайта тоқтады. "Біз үшін ең алдымен адамдардың денсаулығы" деп көлгірсіп сөйлейтін ҚФФ мен Лига басшылығы барлығын Германиядағыдай қылғысы келе ме, түсініксіз. Чемпионат тоқтап тұрғанымен клубтар Алматыда, Шымкентте өзара жолдастық матчтар ойнап жатыр. Ресми матчтарда вирус жұғады да, жолдастық матчтарда вирус ұйқыда жататындай көрінеді ме сонда? Футболдың барлығы тоқтап тұр деп те айтуға ауыз бармайды. Әр жерлерде әуесқойлар лигасыойналып жатыр. Көптеген командалар жаттығуларын жүргізіп жатыр. Міне, сонда осы жерлерде вирус ешкімге жұқпай ма?

Мұның барлығы түсінікті жағдай. ҚФФ мен Лига басшылығының Денсаулық сақтау министірлігіне, бас санитарға, билікке еш сөзі өтпейді. Абыройларынан айырылып біткен. Қазір, футболдың мәселесін көтеріп, жағдайын ойлайтын бір де бір басшы жоқ. Сенаттағы кез-келген депутат қазір ҚФФ басшылығын орнына қойып тастай салатын қауқарда. Олар онсыз да карантинге дейін қазақ футболының қаржысын сынап біраз шүйлікті. Футбол клубтарына берілетін қаржының тым көп екені жазылды. Иә, қаншама жылдар бойы миллиардтаған қаржы футболға бөлінді. Бірақ, оның нәтижесі жоқ. Салынған стадион түгіл балалар ойнайтын академиялары да бой көтермеді.

ҚПЛды санитарлық нормаларға сәйкес бір қалада өткізе аламыз деп жан-жақты дәлел көрсетіп, футбол клубтарын бір аймаққа шоғырлдандырып, жарысты жалғастырып жіберу қолдарынан келмеді. Енді осы шарасыздықтың салдарынан қазақ футболы одан әрі зардап шегеді. Еурокубок ойындарына ойын тәжірибиесі жоқ, солғын күйінде қатысады. Чемпионаттың небәрі 3 қана туры өткен. Қалған, 17-18 тур матчын қай кезде өткізеді? Қараша айында Қазақстанның басым бөлігінде қалың қар жатады. "Тобыл" мен "Астанада" ғана жабық манеж бар. Қалған клубтарымызда ондай жағдай жасалынбаған. Бәрін айт та, бірін айт мына карантин ҚФФ мен ҚКФЛ ұйымдарының шынайы бет-бейнесін ашты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×