«Толальный футбол KZ» телеграмм-арнасының мәліметінше, Абзал Бейсебеков елордалық клубтан кетеді.
Айта кетейік, 32-жастағы ойыншы «Астана» сапында 2012-жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Осы аралықта қорғаушы командасымен ел біріншілігін 7 рет және Қазақстан Кубогін 2 рет ұтқан. Сондай-ақ, бір реттен Суперкубок пен Қазақстан Лигасының кубогін еншіледі. Бейсебеков «Астанадан» бөлек польшаның «Корона Кельце» және өскеменнің «Восток», «Қайрат» және «Локо» Астана командаларының намысын қорғаған. Бұдан бөлек, Абзал Бейсебеков Қазақстан ұлттық құрама командасының сапында 48 матчта алаңға шықты. Тәжірибелі ойыншыға Қазақстан премьер-лигасының бірнеше командасы қызығушылық танытуда. Олардың қатарында талдықорғанның «Жетісуы» да бар көрінеді.
Футболшының нарықтық құны 300 мың еуро.
Біздің серіктес: FONBET