Meta-ratings.kz сайтына белгілі болғандай, 32 жастағы «Тұран» қорғаушысы Олжас Керімжанов Қазақстан құрамасына шақырту алды. Ол ұлттық құраманың кеңейтілген тізіміне енген еді.
Олжас кешегі матч қарсаңында коронавирус жұқтырған Абзал Бейсебековтың орнын басады.
Еске салайық, Финляндиямен матч 4 қыркүйекте Хельсинкиде өтеді, ал үш күннен кейін Талғат Байсуфиновтің шәкірттері Босния және Герцеговина құрамасымен ойнайды.
Біздің серіктес: FONBET