ӘЧ-2018: Қазақстан соңғы себетке түсті

17.06.2015, 19:19
ӘЧ-2018: Қазақстан соңғы себетке түсті

Қазақстан ұлттық құрамасы 2018 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі жеребеде соңғы топқа түсетін болады.

ЕУРО-2016 чемпионатының кезекті іріктеу турынан кейін ФИФА мен УЕФА рейтингісінде ұпайлары жаңарды. Енді, келесі рейтинг 9 шілде күні жарияланады. Бірақ ол кезде онша қатты өзгеріс болмайды. Себебі, бұл айда құрамалардың ешқандай ресми матчтары жоқ. Ресейде өтетін әлем чемпионатының Еуропа аймағы бойынша іріктеу кезеңінің жеребесі 25 шілде күні Санкт-Петербургте анықталады. Қазақстан УЕФА-ға мүше 54 мемлекеттің ішінде елуінші орында тұр. Сондықтан біздің топта тек мықтылар болады. Бір кездері Қазақстаннан жеңілген Фарер аралдары бізден екі себетке жоғары орналасыпты. А: Германия, Бельгия, Нидерланды, Португалия, Румыния, Англия, Уэльс, Испания, Хорватия. В: Италия, Австрия, Словакия, Швейцария, Чехия, Франция, Исландия, Дания, Босния. С: Польша, Украина, Шотландия, Венгрия, Швеция, Албания, Солтүстік Ирландия, Грекия, Сербия. D: Түркия, Словения, Израиль, Ирландия, Норвегия, Болгария, Фарер аралдары, Черногория, Эстония. Е: Кипр, Латвия, Армения, Финляндия, Беларусь, Македония, Әзербайжан, Литва, Молдавия. F: Қазақстан, Люксембург, Лихтенштейн, Грузия, Мальта, Сан-Марино, Андорра. Әлем чемпионатының іріктеу кезеңіне жарыс қожайыны ретінде Ресей құрамасы қатыспайды. Сондай-ақ әлі күнге ФИФА-ға мүше бола алмаған Гибралтар да іріктеуден тыс қалды.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Алдыңғы жаңалық
Шабуылсыз құрама
Aladop Youtube
×