«Вулверхэмптон» шабуылшысы Адама Траоре Испания мен Мали құрамасына шақыртылды.
AS хабарлағандай, Испания футбол федерациясы Траоре алдағы матчтарда Луис Энрикенің қол астында ойнайды деп үміттенеді. Траоре Испания құрамасының Португалиямен болатын жолдастық матчына және Швейцария мен Украина ұлттық құрамаларымен Ұлттар лигасының матчтарына шақырту алған болатын. Адама Испания құрамасы үшін ойнау бала күнгі арманы екенін бірнеше рет атап өтті. Футболшы осыған дейін Испанияның әртүрлі жастағы жасөспірімдер құрамаларының намысын қорғаған.
Траоре алғаш рет 2019 жылдың қараша айында Мальта мен Румынияға қарсы Еуро-2020 іріктеу ойындарына Испания құрамасынан шақырту алып, жарақатына байланысты құрамнан кетуге мәжбүр болды. Содан кейін ол Ұлттар лигасының Германиямен және Украинамен болған матчтарына қайта шақырылды, бірақ Адама коронавирусқа байланысты екі матчты да өткізіп алды.
Біздің серіктес: FONBET