«Адана Демирспордың» саудасы бітті! Ал Абаттың жағдайы ше?

21.04.2025, 11:56

Қазақстан құрамасырың шабуылшысы Абат Айымбетов өнер көрсететін «Адана Демирспор» Түркия чемпионатының бірінші дивизиона түсіп қалды.

«Адана Демирспордың» саудасы бітті! Ал Абаттың жағдайы ше?
Абат Айымбетов "Адана Демирспор" сапында

Суперлиганың соңғы ойындарының бірінде аданалық команда «Трабзонспор» клубынан 0:1 есебімен жеңілген еді. 

Онсыз да турнирлік кестенің соңғы сатысында келе жатқан «Адана» енді Сурерлигадан үмітін біржола үзді. Осы сәтсіздіктен кейін қазақстандық шабуылшы жанкүйерлеріне мәлімдеме жасады.

«Көп қызықты бастан өткердім. Ер адамның басына нелер келіп, не кетпес. Қалай болғанда да намысымызды жоғалтпай, мықты болайық», - деп жазды А. Айымбетов. 

Абат Айымбетов осы маусымда «Адана Демирспор» сапында 23 матчта өнер көрсетіп, 4 гол соқты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×