“Адана” командасы 37 жастағы ойыншымен қош айтысты

“Спортинг”, “МЮ”, “Валенсия” секілді мықты ұжымдарда доп тепкен Луиш Нани қос тарап келісімі бойынша “Адана Демирспор” ұжымынан кетті. 

“Адана” командасы 37 жастағы ойыншымен қош айтысты

Жасы 40 келіп қалған футболшы кез-келген команданың ұсынысына ашық. Негізі Нанидің келісімшартының аяқталуына жарты айдай уақыт бар етін. Алайда командамен ақылдаса келе португалдық бақытын басқа жерден іздеуге тырысып көруді жөн деп шешкен.  

Карлуш Алмейда да Кунья түркиялық командаға аустриялық “Мельбурн Виктори” ұжымынан ауысып келген болатын. “Адана” құрамында вингер жалпы алғанда 34 ойын өткізіп, 4 гол мен 3 голдық пастың авторы атанды. 

Өз мансабында Нани Португалия мен Англияның чемпионаттарын бірнеше рет жеңген. Онымен қоса, футболшы “Манчестер Юнайтед” клубымен бірге 2008 жылғы Чемпиондар Лигасында 

Айта кетейік, “Адана Демирспор” командасында отандасымыз Абат Айымбетов доп тебеді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×