“Аданадемирспор” бапкері мен Балотеллиге тағдырына байланысты шешім қабылдады

Адана қаласының ұжымы Марио Балотеллидің келісімшартын ұзартпайтын болды.

“Аданадемирспор” бапкері мен Балотеллиге тағдырына байланысты шешім қабылдады

Шабуылшының командадағы келісімшартының мерзімі жаз айында бітетіндігін айта кетейік. 

33 жастағы ойыншы түрік клубында өткен жылдың қыркүйек айынан бері өнер көрсетіп келеді. Барлығы Балотелли “Аданадемирспор” үшін 51 ойын өткізіп, 26 гол мен 7 голдық пас берді.  

Марио клубтан кеткен жағдайда мансабын Латын Америкада жалғастырады деп күтілуде. Футболшыға “Бока Хуниорс” қызығып отыр. 

Онымен қоса, “Адандемирспор” команда бапкері Хикмет Караманмен қоштаспақ ниетте. Жаттықтырушының келісімшарты 2025 жылға дейін жарамды. Алайда түрік ұжымы Караманның көрсетіп жатқан көрсеткіштеріне риза емес. Сол себептен клуб бапкерді қызметінен алып тастайды. 

Еске салайық, аталған ұжымда отандасымыз Абат Айымбетов өнер көрсетеді. Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы өз командасы үшін барлығы 8 ойын өткізіп, 1 голдың авторы атанды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 7
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×